UF

ТОРҒАУЫТ

Категориясы: Тарих


Торғауыт - теріден қабаттала жасалатын сауыт түрі. Ауыз әдебиеті үлгілерінде көбінесе «тоғыз қабат торғауыт» және «бес қабатты сауыт» жайлы жиі айтылады. Торғауытты жасау үшін қалың теріден жалпақтау таспалар тіліп алып, оларды бірнеше қабаттап жабыстырады. Одан кейін бұл жалпақ таспаларды бір-біріне жіппен немесе қайысбаумен байлап бекітеді. Үстіңгі қайыс таспаның ортасынан тесіп өткізілген қайысбау төменгі қайыс таспаның жоғарғы шетіне бекітіледі. Осылайша жалғастырыла береді. Бұлай жалғастырылып жасалған сауыт адам бүгілгенде таспалар бір-бірінін арасына кірігіп, қимылға аса кедергі жасамайды. Сонымен қатар осы әдіспен темір таспалар соғылып, бір-біріне қайысбаулар арқылы жалғастырылып та жасалады. Кейде темір және қайыс таспалар бір сауытта қатар қолданылуы да мүмкін.

  Жарияланған-2015-11-18 16:33:51     Қаралды-4022

Мәлімет сізге көмек берді ма

БАКУ КУРАБЬЕСІ

...

Бұл – үгітілген құырма сияқты тағам.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ЕСКІ ЗАМАНДА НЕМЕН ТАМАҚТАНДЫ?

...

Патшалар мен князьдердің дастарханында алтын мен күмістен жасалған бағалы ыдыстар тапшы болған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЕҢ ҮЛКЕН ПЛАНЕТА ҚАЙСЫ?

...

Күн жүйесіндегі ең үлкен планета - Юпитер.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

БАРЕЛЬЕФ

...

МҮСІН өнерінің бір түрін рельеф деп атайды. Оған бір тегіс аядан бөліне шығып тұратын бедерлі мүсіндер жатады. Рельефтің екі түрі болады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

КУН – БІЗДІҢ ЕҢ ҮЛКЕН ЖҰЛДЫЗ

...

Бұлт жаппаған, түтін баспаған кезде Күннің жарықтығы, өткірлігі сондай, оған тура қарай алмайсың.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ӘРІПТЕР ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

...

Әліппе деген аса маңызды, өте қажетті кітап қой. Оның алғашқы беттерін тіпті әріп дегеннің не екенін мүлде білмейтін адам да оқи алады.

ТОЛЫҒЫРАҚ »