БАРЫС
Категориясы: Жануарлар
Барыс - биік тауда мекендейтін ерекше сымбатты жыртқыш аң. Ол өте айлакер, күшті әрі шапшаң. Жемін биік тасты жерден, кейде кұз арасынан аңдып отырып, 15 метрге дейінгі биіктіктен секіріп, аса ептілікпен ұстай алады. Ұсак жануарлар мен кұстардан басқа, кейде арқар, таутекелерге де шабуыл жасауы мүмкін.
Барыстың дене тұркы 120-150 см-ге, құйрығының ұзындығы 90 см-ге дейін жетеді, салмағы 23-43 кг-ға дейін тартады. Бір қызығы - осындай ірі тұлғалы жыртқыш адамға шабуыл жасамайды. Мысықша мияулап, қатты үн шығара, құлақтарын жымқыра ырылдағаны болмаса, залалы жоқ.
Таудағы барыстың тұрақты жатағы болмайды. Тек күшіктеген уақытта ғана тау үңгірлерін уақытша мекендейтін көрінеді. Барыс 3-4 жасынан бастап көбейе бастайды. Күшіктерінің саны 1-ден 5-ке дейін жетеді.
Барыстың саны күрт азайып кетуі себепті корғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» тіркелген.
Жарияланған-2015-11-25 21:40:41 Қаралды-90733
ҚАЗАНАҚ - ДИЗЕНТЕРИЯҒА ҚАРСЫ
Қазанақ – қысы-жазы көгеріп тұратын, биіктігі 1 метрге дейін жететін, бас айналдырып, кісіні есеңгіретіп тастайтындай күшті иісі бар өсімдік.
АРХЕОЛОГИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
тарих ғылымының бір саласы, алғашқы қауымнан, көне заманнан, орта ғасырдан қалған заттай есқерткіштерді зерттеу арқылы адам қоғамының өткендегі тарихын анықтайды.
БЮСТ
АДАМДАРДЫҢ кеудеден жоғарғы тұлғасын ғана бейнелейтін мәрмәр, қола немесе ағаш мүсіндерді бюст деп атайды.
ҚЫЗ ҚУУ
Бағзы заманда қызға үйленбек болған жігіт батылдығы мен күшін, ептілігін көрсететін түрлі сыннан өткізілген.
ШҰБАТТЫҢ ДӘРУЛІК, ШИПАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Шұбат та қазақ халқының дәстүрлі сусындарының бірі. Сонымен қатар бұл сусынның дәрулік, шипалық қасиеті де бар.
КҮНЖІТ АЛУАСЫ
Қуырылған күнжіт дәні мен көпіршітілген белоктан жасалатын диаметрі 25-30 мм, ұзындығы 80-90 мм таяқшалар түріндегі тағам осылай аталады.