UF

ІРІ БЛОКТЫ ЖАБЫНДАРЫ БАР ҒИМАРАТТАРДЫ ТҰРҒЫЗУ

 

Темірбетон құрамаларынан жобаланған өнеркәсіп үймереттерінің қаңқалары зауыттарда серияланып дайындалған жобалық элементтерден түзіледі. Мұндай үймереттер әдетте 12, 18 және 24метрлік болып жобаланып, салынады. Ал түрлі биіктіктегі бағаналар адымы 6 және 12метр болуы керек. Өйткені 30метрлік және одан артық үймереттердің төбелері металл стропалы фермалармен жабылады.

Қазір бір қабатты өнеркәсіптік үймереттер құрылысында жабулардың құрылымдарын кешенді тәсілмен құрастыру кеңінен тараған.

Алайда құрылысты индустрияландыру арттырудың талаптарына сәйкес келетін іріблокты құрастыру анағұрлым озық әдіс болып отыр. Мұнда зауытта дайындалған құрама элементтердің алдын ала ірілендірілген тайпақты блоктары үймереттің бір немесе бірнеше ұяшығына сыйып кететіндей мөлшердегі ауқымды блокқа ірілендіріледі.

Құрама темірбетон жасалған жабу құрамының дәстүрлі құрастырушы ірілендірілген блоктың артықшылығын тиімді пайдалануға мүмкіндік бермеді. Ал көлемі зор құрылымдар мен синтетикалық жылытқышы бар пішінделген төсенішті қолдану толық дайындықтағы блоктарды ірілендіріп, құрастырудың мүмкіндігін қамтамасыз етті.

Конвейерлік құрастыру мен блокты болат пішінделген төсеніштерден, тиімді жылытқыштар мен және жұмсақ жабулардан құралған жеңіл қорғағыш құрылымдары бар жабу қондығыларға лайықталған.

Негізінде жабулардың ауқымды блоктарының ірілендірілген құрамаларының технологиялық жалғастығы толығымен элементтен құрастыруды қайталайды. Тек бір айырмашылығы сол, элементтерді уақытша бекітудің жұмысты көп қажет ететін процестері анағұрлым қолайлы жағдайда жерді және өлшеусіз құрастыруды күштеп қамтамасыз ететін құрастырудың арнайы кондукторлық жүйесінің көмегімен жүргізіледі.

Конвейерлік құрастыру жағдайында блокты ірілендіру процесі құрастыру жұмыстарының кешенінде белгілі бір бөлігі орындалатындай етіп мынадай бірқатар кезеңдерге бөлінеді: жабу блогының металл құралымдарын ірілендіріп құрастыру; пішінделген төсенішті төсеу және бекіту; күнтартулардың бүйір панельдерінің құрастыру ілмелерін және күнтартар карниздерін орнықтырып, бекіту; алаңдарды жақсарту және күнтартар түптеулерді ашатын механизмдер мен аспаптарды орнату; бу қорғағышты, пенополистирольды тақталардың жылытқышын, көлемді су қорғағыштық және қорғағыш гравиалық қабатты қондырғыны жапсыру; фермалық кеңістіктегі электр жабдықтарын, жарық беру аспаптары мен желдеткіш қорапшаларды құрастыру.

Бірінші кезеңнің жұмыстары орындалғаннан кейін құрастырылған блокты жаңа орынға ауыстырады. Ол жерде оны әрі қарай құрастырып, босаған жерде құрастыруға келесі блокты береді. Белгілі бір ырғақтағы блоктар темір жол рельстері бойымен полипастардың көмегімен жылжып отырады.

Соңғы тұрақта толығымен дайындалған блок оны құрастыру аймағына тасымалдау үшін жөнелту арбасына беріледі. Мұның үстіне жобалық жағдайға қоюдың үш үлгісі белгілі.

Крансыз үймереттердің жабулары өткінде орналасқан кранмен құрастырылады. Оған блоктар конвейер жолының жалғасы болып табылатын темір жолдары арқылы беріледі (1 сурет). Мұндай жағдайда темір жолдарының ұзындығын қысқарту мақсатымен крандарды жабу блоктарын көтеріп үш өткінде орнықтыруды қамтамасыз етерліктей жүк көтергіштік қасиетіне сай іріктеп алады.

 

1-сурет. Блоктар жамылгысын конвейерлік технология бойынша құрастыру үлгісі: а - кран ғимараттың аралыгында; б - жердегі орнатушы;

в - орнатушы кранасты аркалыктардың үстінде; 1 - жамылғы блок; 2 - құрастырушы краны; 3 - жердегі орнатушы; 4 - домкрат құрылгылары; 5 - орнатушы кранасты аркалыктардық үстінде

 

Екінші үлгіде арнайы өздігінен жүретін қондырғы – блоктары конвейер линиясынан орнату орнына тасымалдауға және оны жобалық жағдайға сай орнатуға лайықталған (12б сурет). орнықтырғыштықты пайдалану қарастырылған.

Көпір крандарымен жабдықталған үймереттерді құрастырған кезде кран астындағы арқалықтармен жылжитын орнықтырғыш пайдаланылады. Оның өзі блоктарды үймерет бағаналарының үстімен, өткіннің бойымен тасымалдауды жүзеге асыратын және блоктарды жобалық жағдайға бағаналарға түсіретін домкраттары бар (12в сурет) өздігінен жүретін көпір краны іспеттес.

Блоктарды көтеріп, жобалық жағдайға қою үлгісіне қарамастан байланыстарымен бағаналарды және кран астындағы блоктарды орнату – жабуды құрастыруға дейін жыланбауыр табанды немесе басқа да бағыттаушы крандарды пайдалану жолымен атқарылады.

Салынып жатқан үймереттері конвейер линиясының орналасу орны оның конфигурациясына, бос орындар санына, бір немесе бірнеше объектілерге лайықталған конвейерлерді пайдалану қажеттілігіне және конвейер линиясының жанына металл құрылымдарының қоймасын орналастыру мүмкіндігіне байланысты болады.

 

Әдебиеттер:

 

  1. Хамзин С.Қ. Үймереттер мен ғимараттардың құрылыс технологиясы. Оқулық. – Астана, 2003.-381 б.
  2. Соколов В.А. Технология возведения специальных зданий и сооружений. Учебник. – М.: Высшая школа, 2005.
  3. Теличенко В.И., Лапидус А.А., Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
  4. Терентьев О.М. Технология возведения зданий и сооружений. – М.: Высшая школа, 2003.
  5. Хамзин С.К., Карасев С.К. Основы строительного производства. Курсовое и дипломное проектирование. – М., 2006. 
Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2016-10-13 18:19:07     Қаралды-4203

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »