UF

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ - Азияның Алтай, Саян, Гималай тауларымен шектелген ішкі бөлігі. Ауданы 6 млн. км2. Орталық Азия рельефі жөнінен 3 белдеуге бөлінеді. Солтүстік таулы белдеу, бұған Тянь-Шань, Монғол Алтайы, Хангай және Хэнтэй таулары мен тау аралық ірі ойыстар - Жоңғар жазығы, ірі көлдердің қазан шұңқыры т. б. жатады; Орта белдеу, бұл биіктігі 1-1,5 мың м биік жазықтардан (Гоби, Тарим ойысы т. б.) тұрады. Биік Орталық Азия, бұған Тибет таулы қыраты кіреді (биіктігі 4-5 мың м). Басты тау жүйелері Куньлунь, Қарақорым, Гандисышань. Мұхиттардан алыста және жан-жағынан таулармен қоршалып жатуына байланысты Орталық Азия климаты шұғыл континенттік, өрі құрғақ. Қыста Орталық Азия Азия антициклонының ықпалында болады. Орташа температурасы январьда - 10°С-тан -25°С-қа дейін, июльде солтүстік және орталық бөлігінде 20°, 25° С, Тибет таулы қыратында 10°С. Жылдық жауын-шашыи мөлшері көпшілік бөлігінде 100-200 мм, шеткі тауларда 300-500 мм, оңтүстік-шығыстағы таулардың кей жерлерінде муссонның әсеріне байланысты 1000 мм-ден асады. Жауын-шашынның тапшылығына байланысты мұздықтар аз таралған. Негізгі мұз басу орталықтары Қарақорым (Сиачен мұздығы, ұзындығы 72 км), Монғол Алтайы (Потанин мұздығы, ұзындығы 20 км).

Орталық Азияның көп жері ішкі ағын алабына жатады. Ірі өзендері Тарим, Эдзин-Гол, Урунгу т. б. өзендері тұйық көлдерге құяды, немесе құмға сіңіп аяқталады. Қар ерігенде немесе нөсер жаңбыр жауған кезде ғана ағысы байқалатын құрғақ арналар көп. Орталық Азияның шет аймақтарынан мұхит алабына жататын аса ірі Хуанхэ, Янцзы, Меконг, Салуин, Брахмапутра, Үнд, Ертіс, Селенга, Амур өзендері ағып шығады. Көлдер көп, ірі тұзды көлдері - Кукунор (ауданы 4200 км2), Убсу-Нур (ауданы 3350 км2); тұщы көлдері - Хубсугул (ауданы 2620 км2), Хар-Ус-Нур (ауданы 1486 км2), Бақырашкөл (ауданы 1380 км2), Далайнор (ауданы 1100 км2).

Орталық Азияның солтүстігінде каштан, орта бөлігінде шөлдің қоңыр сүр топырағы, сор тақыр және қиыршақты топырақ, тау бастарында тау шалғын топырақ таралған. Орталық Азияның көпшілік бөлігінде шөлейт және шөл (жусан, теріскен, қараған), солтүстігінде дала өсімдігі (селеу, ши) өседі. Өзен аңғарлары мен су бойында терек, жыңғыл, қамыс тоғайлары кездеседі. Солтүстік таулардың теріскей беткейлері мен Тибет таулы қыратының тау аңғарларында шырша, май қарағай және балқарағай ормандары өседі.

Орталық Азия жануар түрлеріне кедей. Шөл және шөлейтті өңірлерде әр түрлі кемірушілер мен түяқты жануарлар, әсіресе бөкендер көп. Тибет таулы қыратында қодас, бөкен, жабайы есек, арқар, жыртқыштардан гималай аюы, барыс, сілеусін, қасқыр мекендейді. Құстардың сан алуан түрі кездеседі.

Орталық Азияны зерттеуде орыс ғалымдары мен саяхатшылары Н. М. Пржевальский, П. К. Козлов, В. И. Роборовский, В.         А. Обручев, Г. Е. Грум-Гржимайло, Г. Н. Потанин, М. В. Певцов т. б. үлкен еңбек сіңірді. 1858-1859 жылдары Шоқан Уалиханов Орыс географиялық қоғамының тапсыруы бойынша Орталық Азияның батыс бөлігі - Қашғарияға саяхат жасап, аса құнды ғылыми деректер жинап қайтты.

Әдеб.: Синицын В. М. Центральная Азия. –М., 1959; Власова Т. В. Физическая география частей света. 2 изд., М., 1966.

Мәлімет сізге көмек берді ма

  Жарияланған-2021-06-14 15:20:59     Қаралды-2204

ҚАЗІРГІ ЖАНУАРДЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЕҢ КӨНЕ?

...

Қолтырауындар - жартылай суда өмір сүретін ірі жыртқыштар.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

АҚШ-ТА РЕСМИ ТІЛ ҚАНДАЙ?

...

Біздің елде қазақ тілі ресми тіл болып заңды түрде танылған.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАЙ ҚАЛАНЫҢ СУ АСТЫНДА ЖОҒАЛЫП КЕТУ ҚАУПІ БАР?

...

20-ғасырдың 60-шы жылдарының басында бір қаланың халқы бірте-бірте су астына батып бара жатыр деген хабардан шошып кетті.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН АДАМДАР ҒАРЫШҚА ҰШАДЫ?

...

Спутниктер мен орбиталық станциялар ғарышта көптеген жұмыстарды орындайды.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ТҮН НЕГЕ КЕЛЕДІ?

...

Күн артынан түн, түн артынан күн.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН ТЕҢІЗ БЕТІНДЕ КЕМПІРҚОСАҚ ПЛЕНКАСЫ БАР?

...

Жоқ, бұл жылы жаңбырдан кейін ашық аспанда ойнайтын кемпірқосақ емес.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

НЕЛІКТЕН БІЗ АУА ҚЫСЫМЫН СЕЗБЕЙМІЗ?

...

Біздің планетамызда үлкен ауа мұхиты үстемдік етеді.

ТОЛЫҒЫРАҚ »

ҚАБЫЛАН НЕЛІКТЕН ЖЕМТІГІН АҒАШҚА ЖАСЫРАДЫ?

...

Қабылан жалғыз тұрады және арыстандар мен гиеналардан үнемі сақ болу керек.

ТОЛЫҒЫРАҚ »